13:09, 26 Желтоқсан 2013 | GMT +5
Қазақстанда биыл 6,8 млн. шаршы метр баспана тапсырылады
АСТАНА. 26 желтоқсан. ҚазАқпарат - Биылғы жылдың қорытындысы бойынша Үкімет 6,8 млн. шаршы метр тұрғын үйді тапсыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Үкімет басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.

«Құрылыс секторында өткен жылдан бері оң қарқын сақталуда. Өсім 2,9 пайыз деңгейінде», - деді Б. Сағынтаев.
Оның сөзіне қарағанда, республика аумағында «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы белсенді жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, бұдан бұрын барлық қаржыландыру көздері бойынша 2013 жылы 6,6 млн. шаршы метр тұрғын үйді тапсыру қарастырылған болатын. Үкімет басшысының бірінші орынбасарының айтуынша, бұл бағытта енді 6,8 млн. шаршы метр баспана пайдалануға берілмек.