Қазақстанда биыл донорлық органдарды салу бойынша 102 ота жасалған - Е. Байжүнісов

АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - Осы жылдың басынан бастап Қазақстанда донорлық органдарды салу бойынша 102 ота жасалған, деп хабарлады бүгін Денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингі барысында.
None
None

«Егер өткен жылы бізде 20-30 операция жасалса, биылдың өзінде 102 ота жасалған. Бұл өте жақсы қарқынды көрсетеді», - деді Е.Байжүнісов.

Оның айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі ДДҰ арқылы әлемнің барлық елдерінде донорлықты ұйымдастыру бойынша қажетті ақпараттың бәрін алады. Вице-министр айтып өткендей, бүгінгі таңда ведомство әлемнің жетекші елдерінің аталған бағытындағы даму тәжірибесін зерттейді, делінген primeminister.kz сайтында.

Соңғы жаңалықтар