Қазақстанда біз өзіміздің және ұрпақтарымыздың Отанына ие болдық - «Вайнах» этномәдени орталығы

Президент поштасында Астанадан Қазақстан Республикасы Парламенті бірінші шақырылымының депутаттары Рысты Жұмабековадан, Лилия Мусинадан, Роза Қуанышбаевадан құттықтаулар бар.
Астана қаласындағы «Вайнах» этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері былай деп жазады: «Біз, шешендер мен ингуштар Сіздің ұлттық саясатыңызды белсенді қолдаймыз, өйткені Қазақстан біздер үшін тұрғылықты жер ғана емес, жаппай қуғын-сүргін кезінде біз осында өзіміз және ұрпақтарымыз үшін Отанымызды таптық».
«Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Сізді туған күніңізбен және Астана күнімен құттықтаймыз. Сізге халықтың игілігі үшін ұзақ жылдар президент болуыңызға тілектеспіз, - деп жазады Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданындағы қарттар мен мүгедектер үйінде тұратын Зинаида Зимина. - Сізге қарттарға ұдайы қамқорлық жасап, зор көңіл бөліп отырғаныңыз үшін рахмет».
Келесі хат та Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау интернат-үйінде тұратын зейнеткерлер Мариям Ғалиевадан, Мария Добрицовадан, Бақыт Ізтілеуовадан, Александр Костюктен және Бақтыбай Елеусізовтен келген.
Қазақстан католик епископтары конференциясының төрағасы, архиепископ, Астана митрополиті Томаш Пэта былай деп жазады: «Сізге шын жүректен шыққан құттықтауымды жолдай отырып, Сізге және бүкіл елге Рим Папасы Иоанн Павел ІІ-нің 2001 жылы Сіздің қабылдауыңызға және Өзіңізге ризашылықпен айтқан: «Қазақстан, Сені Тәңірі қолдасын!» деген мінәжатын айтқым келеді».