13:00, 07 Сәуір 2023 | GMT +5
Қазақстанда бизнес-инкубаторлар арасында конкурс жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - QazInnovations инновациялық дамыту жөніндегі ұлттық агенттік бизнес-инкубаторларды дамытуға жәрдемдесу үшін конкурс жариялайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
QazInnovations – инновациялық даму саласындағы ұлттық институт.
Оның міндеттерінің бірі - бизнес-инкубациялау және стартаптарды акселерациялау бойынша мемлекеттік қолдау тетіктерін іске асыру.
Мақсаты - кәсіпкерлік мәдениет деңгейін арттыру, кәсіпкерлікті қолдауды кеңейту және ШОБ саласында білікті кадрлар даярлау.
Өтінім қабылдау 10 сәуірде басталады және 10 мамыр Астана уақытымен18.00-де аяқталады.
Конкурс талаптарымен мына сілтемеде танысуға болады.
Бизнес-инкубациялауды дамытуға жәрдемдесу қызметі, сондай-ақ Astana Hub халықаралық технологиялық паркі көрсететін қызметтерді қоспағанда, осындай қызметтердің құнын айқындау қағидаларын мына сілтемеде оқуға болады.