Қазақстанда бизнес тарапынан несиеге деген сұраныс артты
Бұл туралы Қазақстан Ұлттық банкінің Қаржылық тұрақтылық және зерттеулер департаменті директорының міндетін атқарушы Ерұлан Мустафиннің түсіндірмесінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ерұлан Мустафиннің айтуынша, несиеге деген сұраныс деңгейі әсіресе, шағын және орта бизнес арасында жоғары.
Шағын бизнес тарапынан кредитке сұраныстың өсуі банктердің жартысында, әлбетте, ірі банктерде байқалды. Есепті тоқсанда келіп түскен кредиттік өтінімдердің жалпы саны тоқсаннан тоқсанға (бұдан әрі – т-т) 19%-ға – 310 мыңға дейін өсті, ал өтінімнің орташа мөлшері т/т 8%-ға – 23,3 млн теңгеге дейін төмендеді. Өтінімдер санының өсуі, әсіресе, ірі банктердің шағын бизнеске арналған скорингтік онлайн кредиттік өнімдерді белсенді дамытуымен, сондай-ақ осы өнімдерді жекелеген банктердің іске қосуымен байланысты.
Мемлекеттік бағдарламалар аясында кредиттеудің қайта жандану үрдісі есепті тоқсандағы сұранысқа оң әсерін тигізді.
Орта кәсіпкерлік субъектілері тарапынан да кредитке сұраныс айтарлықтай көбейді. Есепті тоқсанда түскен кредиттік өтінімдердің саны т/т 4 есе өсіп, 3,9 мыңға жетті, ал өтінімнің орташа мөлшері т/т жартысына жуық төмендеп, 265 млн теңгені құрады. Мұндай өтінімдердің басым бөлігі кепілмен қамтамасыз етілмеген қысқа мерзімді қарыздарға берілген.
Кредиттерге сұраныстың мейілінше аз өсімі ірі бизнес тарапынан байқалды. Сұраныстың өсуіне негізгі үлес қосушы – ірі банктерден қарыз алушылар. Есепті тоқсанда өтінімдер саны т/т 203-ке дейін 10%-ға өсті, ал өтінімнің орташа мөлшері т/т 7,6 млрд теңгеге дейін 37%-ға артты.
Банктердің есепті тоқсанда шағын бизнесті кредиттеуге дайындығы біршама төмендеді. Шағын бизнестің кредитке өтінімдері бойынша мақұлдау коэффициенті ІІ тоқсанда 29%-ға дейін төмендеуін жалғастырды. 2022 жылдың алдыңғы тоқсанында коэффициент 33%-ға тең болды. Орта және ірі бизнестің кредитке өтінімдері бойынша мақұлдау үлесі керісінше, біршама артып, сәйкесінше, 57% және 55% құрады, бірақ әлі де 2021 жылғы орташа деңгейден төмен қалып отыр.
Бизнеске кредит беру талаптары біршама күшейді. Бизнеске берілетін кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесінің, ең алдымен, ірі және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін өсуі тоқтаған жоқ.
Келесі тоқсанда жекелеген банктер ірі бизнес тарапынан кредитке сұраныстың біршама ұлғаюын күтеді, ШОБ бойынша сұраныс индексі орташа есеппен І тоқсанның деңгейінде сақталады. Банктердің көбі келесі тоқсанда бизнеске берілетін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің өсуін күтпейді.
2022 жылдың ІІ тоқсанында бөлшек қарыздарға сұраныс ипотекалық қарыз сегментінде азайды, ал тұтынушылық қарыздарға сұраныс ұлғайды.
Банктер ипотекалық қарыздарға сұраныстың төмендеуін – жеңілдікпен берілетін кредиттерге деген қолжетімділіктің қысқаруымен, сондай-ақ, халықтың негізгі сұранысы өткен тоқсанда 2022 жылғы 1 сәуірден бастап тұрғын үй сатып алу және/немесе жағдайын жақсарту мақсатында зейнетақы жинақтарын пайдалану бойынша жеткіліктілік шегін арттыруға дейін өткен тоқсанда халықтың негізгі сұранысының іске асырылғанымен байланыстырады.
Келіп түскен өтінімдер санында жеке банкте сандық өнімді іске қосумен, сондай-ақ басқа банкте маусымдық фактормен байланысты 135 мыңнан 258 мыңға дейін өскені байқалды. Десе де, бұл факторлар ипотекалық кредит беру нарығындағы сұраныс индексінің төмендеу үрдісінің өзгеруіне ықпал ете алмады.
Банктердің дерегі бойынша, тұтынушылық қарыздарға сұраныстың артуы – халықтың тұтынушылық қажеттілігінің өсуіне байланысты ұзақ пайдаланылатын тауарларға деген шығыстардың ұлғаюымен түсіндіріледі. Сонымен қатар, банктер кепілмен қамтамасыз етілген тұтынушылық қарыздар бойынша кепіл мүлікке қойылатын талаптар бөлігінде кредит беру талаптарын жеңілдетті, сондай-ақ кепілсіз қарыздар бойынша кредиттің лимиті мен өтеу мерзімін ұлғайтты.
Сондай-ақ, сұраныстың артуына клиенттердің ресейлік банктерден көшу легі де әсер етті. Мәселен, есепті тоқсанда тұтынушылық қарыз алуға түскен өтінімдер саны, тиісінше, кепілді және кепілсіз қарыздар бойынша 27,8%-ға және 4,3%-ға көбейді.
Автокредит алуға сұраныстың өсуіне жеңілдікпен берілетін кредиттеу бағдарламасының қосылуы себеп болды. Дегенмен, банктер салондағы автокөліктердің жетіспеушілігі өтінім беру және қарау процесін қиындататынын айтады. Банктер санының қысқаруы да кредит алуға берген өтінімдер санының төмендеуіне әсер етіп, олар 4,4%-ға азая келе 393 мың өтінімді құрады.
ІІ тоқсанда бөлшек қарыздардың барлық түрі бойынша сыйақы мөлшерлемелердің және клиенттердің төлем қабілеттілігіне қойылатын талаптардың көтерілуі түрінде кредиттеу талаптарының күшейтілгені байқалды.
Келесі тоқсанда банктер тұтыну қарыздарына сұраныстың ұлғаюын, автокредиттерге сұраныстың төмендеуін, сондай-ақ ипотекалық қарыздарға сұраныстың есепті тоқсан деңгейінде сақталуын күтеді.
«2022 жылдың ІІ тоқсанында кредиттеу бойынша банктерде жүргізілген сауалнамаға екінші деңгейлі 20 банк қатысты. Мұндай сауалнаманы Ұлттық банк кредиттік ресурстардың сұранысы мен ұсынысындағы өзгерістерді бағалау мақсатында тоқсан сайын жүргізеді»,-делінген хабарламада.