Қазақстанда бизнесін жолға қойғысы келетін шетелдік компаниялар қазақстандық қамту мәселесін де естен шығармағандары жөн - бизнес-форум

АСТАНА. Мамырдың 11-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Машина құрылысы саласында Қазақстанды бірінші кезекте қызықтыратыны - ауыл шаруашылығына арналған және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін құралдар.
None
None

Өйткені, аталмыш техникалар Қазақстан аймағында жоққа тән. Бұл туралы бүгін Қазақстан-Австрия бизнес-форумында «Қазагрофинанс» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Дулат Айтжанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзіне қарағанда, аталмыш мәселе Қазақстан үшін өте өзекті болып отыр. «Қазагрофинанс» акционерлік қоғамы негізінен республикалық бюджет пен ұлттық қордың есебінен қаржыландырылады. Ұлттық қор есебінен Мемлекет басшысының тапсырмасымен өткен жылы ауыл шаруашылығын дамытуға 1 миллиард АҚШ доллары бөлінген болатын. «Қазагрофинанс» аталмыш бағдарламаны жүзеге асыратын агенттердің бірі. Осыған қарай қазір ұлттық қордан бөлінген қаржы негізінде жаңа өндіріс ошақтарын ашу мәселесі қолға алынып отыр. Олардың қатарында тауарлы- сүт фермаларын ұйымдастырып, жылыжай кешендері мен құс фабрикаларының жұмысын жолға қою сияқты міндеттер бар. Сонымен қатар, осы бағытта ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру мен тамшылап суару технологиясын игеруміз керек», деді Басқарма төрағасы.

Оның айтуынша, аталмыш міндеттерді жүзеге асыруға қажетті техникалық құралдар Еуропа елдерінен, нақтырақ айтқанда Германиядан әкелінеді. Сондықтан жиынға қатысып отырған кәсіпкерлерге елімізде осы бағыттағы міндеттерді жүзеге асыруға күш салу қажет деген ұсыныс бар. «Алайда біз бұл бағыттағы жұмыстар барысында қазақстандық қамту мәселесіне баса назар аударатын боламыз. Сондықтан белгілі бір жобаны ұсынғанда біз шығарылатын, немесе құрастырылатын техниканың ауқымды бөлігін елімізде жүзеге асыруды ұсынамыз», деді Д.Айтжанов.

Соңғы жаңалықтар