Қазақстанда бизнестің тең жартысы әйелдердің қолында - зерттеу

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2019 жылғы қаңтар айының соңында жүргізілген зерттеулерге сәйкес, әйелдер басқаратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің саны 581,2 мыңға, яғни бір жылда 3,6% артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ranking.kz сілтеме жасап.

Қазақстанда бизнестің тең жартысы әйелдердің қолында - зерттеу

Оның 485,2 мыңы белсенді жұмыс істейді, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 10,7% көбірек. Сонымен бірге, нәзік жандар басқаратын жеке кәсіпкерлік үлесі де 46,8% құраған.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректеріне сәйкес, 2018 жылдың басында әйелдер басқаратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 648,1 мың болған немесе жалпы ШОБ субъектілерінің 42,1% құраған.

Өңірлер арасында әйелдер басшылық ететін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері бойынша Қостанай облысы көш бастап тұр: 46,6% (30,4 мың). Екінші орында Қарағанды облысы тұр - 46,3% (46,6 мың) және үштікті Шығыс Қазақстан облысы түйіндейді - 45,5% (50,6 мың).