Қазақстанда «Bolashak Life» донорлық апталығы өтіп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 13-інен 17 маусымға дейін «Bolashak Life» донорлық апталығы өтіп жатыр. Ол Дүниежүзілік донор күніне арналған және Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 игі іс» акциясы "Болашақ" қауымдастығының 15 жылдығы аясында өтуде, деп хабарлады «Болашақ» қауымдастығының баспасөз қызметінен.
None
None

Оның басты мақсаты қоғам назарын ерікті түрде донорлық үшін қан тапсыруға аудару. Бүгінде Қан орталықтары жұмыс істеп тұрған Қазақстанның 22 қаласының тұрғындарында донор болу мүмкіндігі бар.  

14 маусымда Республикалық донорлар трансфузиологиясының ғылыми-өндірістік орталығындағы жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақтияр Мәкен, Республикалық трансфузиология орталығының директоры Жандос Бүркітбаев, «Болашақ» Қауымдастығы Кеңесінің мүшесі, «НАТР» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жұматай Сәлімов қатысты.

Салтанатты шарада Жандос Бүркітбаев отандастарының өмірін құтқару үшін көп жылдар бойы қан тапсырып жүрген Қазақстанның ерікті донорларына  алғыс айтты.

Ұйымдастырушылар мен серіктестер: «Болашақ» Қауымдастығы, Республикалық трансфузиологияның ғылыми-өндірістік орталығы. Қолдау көрсеткендер «Қазақстан Эксимбанк» АҚ, Ғазиза Жұбанова атындағы мемлекеттік ішекті квартет, Қазақ ұлттық өнер  университеті, «Праздник вкуса» компаниясы, «Росинка Био» ЖШС.

Соңғы жаңалықтар