Қазақстанда Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы құрылды - ҚР БҒМ

АСТАНА. 9 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінде Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының таныстырылымы өтті. 
None
None

Орталықтың басты мақсаты - еліміздегі ұлттық және жоғары оқу орындарының деңгейінде келісілген Болон процесінің қағидаттарын толық және тиісті жүзеге асыруға жәрдемдесу.

Орталық директоры Роза Ғаниқызының айтуынша, орталық қызметінде Болон процесі аясындағы сту­денттердің академиялық ұтқырлы­ғына үлкен мән берілмек. Қазірдің өзінде арнайы тұжырымдама жасақталып қойған. Онда білім, оқу са­па­сын қамтамасыз ету арқылы Қазақ­станның жоғары білім жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, оның еуропалық жоғары білім кеңістігіне интеграциялау, халықаралық үлгілерге сәйкес келетін жоғары оқу орындары дипломдарының мойындалуына қол жеткізу бойынша нақты шаралар бекітілген. 

Енді бұдан былай орталықта еуропалық білім кеңістігінде қазақстандық жоғары мектеп бағдарламаларының үйлесімдігі туралы нұсқаулар қабылданып отырмақ.

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасы Болон процесіне мүше болған 47-ші мемлекет және орта Азия мемлекеттерінің арасында бірінші болып еуропалық білім кеңістігіне толық құқықты қатысушы ел болып табылады.

Соңғы жаңалықтар