Қазақстанда бөлшек сауда көлемі 5,4% артты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2018 жылғы қаңтар-сәуір айларында бөлшек сауда көлемі 2729,3 млрд теңгені құрап, 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,4% артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Қазақстанда бөлшек сауда көлемі 5,4% артты

Есепті кезеңде көтерме сауда көлемі 5690,3 млрд теңгеге жетіп, 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,8% артты.