Қазақстанда бөлшек сауда көлемі артып келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздегі бөлшек сауда көлемі 2018 жылғы қаңтар-маусымда 4404,1 млрд теңгені құрады немесе 2017 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 5,6 пайызға артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанда бөлшек сауда көлемі артып келеді

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметінше, 2018 жылғы қаңтар-маусымда республикадағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір жоғары үлес салмақ Алматы қаласына (30,3%), Астана қаласына (12,1%), Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарына (9%) тиесілі.