Қазақстанда бір жылда баға 8,6 пайызға өзгерген

АСТАНА. KAZINFORM — Ұлттық статбюроның мәліметінше, шілде айында инфляция 0,7 пайыз болған. 

инфляция
Фото: Pexels

Тұтыну бағалары индексінің құрылымындағы өсім:

  • ақылы қызметтер — 1,6%
  • азық-түлікке жатпайтын тауарлар -0,7%
  • азық-түлік тауарлары — 0,2%

Бір айдағы баға өсімі:

  • ұялы байланыс — 11,5%
  • баллондардағы сұйытылған газ — 5,3%
  • қырыққабат — 16,8%

    Бір айдағы бағаның төмендеуі:
  • қызанақ — 18,2%
  • тәтті бұрыш — 11,2%
  • қияр — 5,8%

Жылдық инфляция мөлшері 8,6% құрады.

Тұтыну бағалары индексінің құрылымындағы өсім:

  • ақылы қызметтер — 14,5%
  • азық-түлікке жатпайтын тауарлар — 7,3%
  • азық-түлік тауарлары — 5,5%

Бір жылдағы баға өсімі:

  • электр энергиясы — 31%
  • денсаулық сақтау қызметтері — 11,4%
  • аспирин — 59,4%
  • жүзім — 26,6%

Бір жылдағы бағаның төмендеуі:

  • пияз — 34,8%
  • қарақұмық жармасы — 22,1%
  • күнбағыс майы — 20,8%
Соңғы жаңалықтар