Қазақстанда «британдық штамның» 12 жағдайы анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанға Шарм-эль-Шейх пен Дубайдан әуе рейсімен келген 8 адамнан коронавирустың «британдық штамы» табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ұлттық сараптама орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда «британдық штамның» 12 жағдайы анықталды

«Орталықтың Нұр-Сұлтан қаласы бойынша молекулярлық-генетикалық зерттеулер зертханасы толық геномдық секвенирлеу әдісімен COVID-19 оң нәтижесі бар 265 үлгіні зерттеді. SARS-CoV-2 вирусының генетикалық сипаттамасына бұл сынамалар Қазақстан Республикасының 14 өңірінен алынды. Нуклеотидтер тізбегін талдау нәтижесінде мамандар 12 вирустан «британдық штамм» генотипін анықтады. 12 штамның 8 жағдайы Шарм-ел-Шейх (Египет) және Дубай (Біріккен Араб Әмірліктері) халықаралық рейстері арқылы келген азаматтардан табылды», делінген хабарламада.

Орталықтың мәліметінше, қазіргі уақытта бұл елдерде SARS-CoV-2 коронавирусының «британдық» және «оңтүстікафрикалық» штамдары көп байқалуда.

«Британдық штамның» генотипі бар 4 вирус Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және Ақтөбе облысында табылды. Бұл вирус шетелден келген азаматтардан таралған болуы мүмкін», делінген хабарламада.


Жеңіл атлет Иван Иванов Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды
Ұқсас жаңалықтар

Жеңіл атлет Иван Иванов Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды