Бірқатар өңірінде қар жауып, боран соғып, үсік жүреді

АСТАНА. KAZINFORM — 24 қазанда Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды. Алматы мен Шымкентте үсік жүріп, қатты жел соғады деп күтілуде. Бірқатар өңірде қар жауып, көктайғақ, тұман, боран және шаңды дауыл болады деп болжанып отыр. 

метель_снег
Фото: Kazinform/ИИ

Алматы. 24 қазанға қараған түні 2–4 градусқа дейін үсік жүреді.

Абай облысы. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында қар жауып, жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Күндіз өңірдің солтүстігінде, шығысында және орталығында аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады деп болжанып отыр. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Шығысы мен оңтүстік-батысында солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.

Ақмола облысы. Түнде облыстың шығысында аздаған қар жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең батысы мен оңтүстігінде тұман түседі деп болжануда.

Алматы облысы. Шығысында және таулы аудандарда солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 18–23 метрге жетеді. Түнде облыс бойынша 1–6 градус үсік жүреді. Облыстың батысында, шығысында және орталығында өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Атырау облысы. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында шығыстан және оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Облыс бойынша өрт шығу қаупі төтенше деңгейде сақталады.

Шығыс Қазақстан облысы. Солтүстігінде, шығысында және таулы аудандарда қар жауып, жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстігінде солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–18 метрге жетеді.

Жамбыл облысы. Таулы аудандарда тұман түседі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарда солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге жетіп, екпіні 23–28 метрге дейін күшейеді. Түнде облыс бойынша 1–6 градус үсік жүреді. Солтүстігі мен оңтүстігінде өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Жетісу облысы. Шығысында және таулы аудандарда солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Алакөл көлдері ауданында желдің екпіні кей уақытта секундына 23–28 метрге дейін күшейеді. Түнде 2–7 градус үсік жүреді. Облыстың шығысында өрт шығу қаупі төтенше, оңтүстігінде жоғары деңгейде сақталады.

Батыс Қазақстан облысы. Күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде және шығысында өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Қарағанды облысы. Түнде облыстың солтүстігінде аздаған қар, шығысында қар жауады. Түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Облыстың батысында өрт шығу қаупі төтенше деңгейде сақталады.

Қостанай облысы. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Оңтүстігінде өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Қызылорда облысы. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында шаңды дауыл болады. Түнде шығысында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Күндіз де желдің жылдамдығы секундына 15–20 метр болады, ал шығысында екпіні 23–28 метрге дейін күшеюі мүмкін. Түнде облыстың солтүстігі мен орталығында 3 градусқа дейін үсік жүреді. Облыс бойынша өрт шығу қаупі төтенше, солтүстігінде жоғары деңгейде сақталады.

Маңғыстау облысы. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл болады. Батысында, солтүстігінде және орталығында шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Облыс бойынша өрт шығу қаупі жоғары, ал орталығында төтенше деңгейде сақталады.

Павлодар облысы. Түнде облыстың оңтүстігі мен шығысында аздаған қар жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысы. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.

Түркістан облысы. 24 және 25 қазанда күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл болады. Батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге жетіп, екпіні 23–28 метрге дейін күшейеді. Түнде солтүстігінде 3 градусқа дейін үсік жүреді. Солтүстігінде, батысында, орталығында және тау бөктеріндегі аудандарда өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Ұлытау облысы. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Күндіз оңтүстігінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15 метрге жетеді. Батысы мен орталығында өрт шығу қаупі төтенше деңгейде сақталады.

Шымкент. 24–25 қазанда солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Түнде топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді деп болжануда.