Қазақстанда бірнеше елдің қаптау тақтайларының сәйкестік сертификаттары күшін жойды

МТИ РК отменил сертификаты соответствия на облицовочные плиты из Китая, Узбекистана, Турции и Ирана
Фото: pixabay

АСТАНА. KAZINFORM – Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің аумақтық департаменттері «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенттің талаптарын бұза отырып берілген бірқатар сәйкестік сертификатының күшін жойды.

Сәйкестік сертификаттары Қытай, Өзбекстан, Түркия және Ираннан келетін гранит, мәрмәр және травертин қаптамаларының тақтайларына қатысты. Ал оларды «Аналитик АФ» ЖШС, «Фирма сауда палатасы» ЖШС, «Өнімнің сәйкестігін растау орталығы» ЖШС, «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Қарағанды филиалы берді.

«Сертификаттарда дұрыс емес сәйкестендіру, тақтайшалардың беріктігін, кен орны мен басқа да маңызды сипаттамаларын көрсетпеу секілді бұзушылықтар анықталды. Ережелерді сақтамау тұтынушыларды тастың сапасына, оның сипаттамаларына және әртүрлі жағдайларға төтеп беру қабілетіне қатысты жаңылыстыруы мүмкін», - дейді министрліктен.

Сәйкестік сертификаттары тоқтатылды және өтініш берушілер бұл туралы хабарлама алды. Сондай-ақ олар осы сертификаттарға сілтемелері бар барлық жарнамалық материалдарды пайдалануды тоқтатуға және «Бір терезе» мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімінің күшін жою туралы ақпаратты енгізуге міндетті.

Соңғы жаңалықтар