00:01, 22 Сәуір 2014 | GMT +5
Қазақстанда бүгін қар жауады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның көп бөлігінде қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал. Қазгидрометтің хабарлауынша, республиканың орталығы мен шығысында жауған жауын-шашынның соңы қарға ұласпақ. Ал батыста синоптиктер қар жаумайды, ауа температурасы 23-30 градусқа дейін жоғарылайды деп болжап отыр.
Қарағанды облысында түнде 0-5, кей жерлерде 10 градусқа дейін аяз болады. Алматы, Жамбыл облыстарында найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады. Оның арты қарға ұласуы мүмкін. Жел 23-28 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 0-5, кей жерлерде 8 градусқа дейін төмендейді, күндіз 12-17 градусқа дейін жоғарылайды.