Қазақстанда бұқаралық спортпен қамтылған азаматтардың деңгейі 21,6 пайызды құрайды - Үкімет отырысы

АСТАНА. 9 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстанда бұқаралық спортпен қамтылған азаматтардың деңгейі 21,6 пайызды құрайды.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Ерлан Қожағапанов мәлім етті.

Елімізде бұқаралық спортты дамыту мәселесіне тоқталған ол: «Өткізілетін бұқаралық спорттық шаралар жыл сайын артып келеді. Өңірлерде бұл бағыттағы жұмыстарға жағдай жасауға кеңінен назар аударылуда. Мәселен, 2011 жылы 17 мыңға жуық спорттық бұқаралық шаралар ұйымдастырылса, 2012 жылы 3 млн. 600 мыңнан астам адамның қатысуымен 18 мыңнан астам шара өтті. Қазақстанда дене тәрбиесімен және спортпен айналысатын азаматтардың қамтылуы 21,6 пайызды құрады»,-деді агенттік басшысы.

Соңғы жаңалықтар