Қазақстанда бұрқасын салдарынан 10 пойыз кешікті

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚТЖ» ұлттық компаниясының баспасөз қызметінен хабарлағандай, 29 желтоқсанда сағат 5:30 жел жылдамдығы секундына 25 метрден асып, жолдың Қарағанды бөлігінде Вишневка - Анар аралығында №1076 жүк контейнерлік пойызының бір бос контейнерін жел ұшырды.
None
None

Соның салдарынан байланыс желісінің тірегіне зақым келді. Құрбан болғандар және зардап шеккендер жоқ.

Оқиға салдарынан №86 «Астана - Сарыағаш», №674 «Павлодар - Қарағанды», № 328 «Қостанай - Қарағанды», № 318 «Барановичи - Қарағанды», № 854 «Астана - Қараганды», №4 «Астана - Алматы-2», № 84 «Мәскеу - Қарағанды», № 55 «Қызылорда - Көкшетау», № 701 «Алматы-2- Петропавл», № 853 «Қарағанды -Астана» жолаушылар пойыздары кешіктірілді.

Қабылданған шаралар нәтижесінде сағат 9:15-те пойыздар қозғалысы қалпына келтірілді.

Бір тәулік ішінде кешігіп жатқан пойыздардың барлығы кесте бойынша жүретін болады.

Автокөлікпен шыға алмаған жолаушыларды тасымалдауды қамтамасыз ету үшін Қарағанды облысы әкімдігінің өтінішімен №86 Астана-Сарыағаш, №606 Қарағанды- Балқаш, №156 Қарағанды -Жазқазған бағыттарындағы пойыздарға қосымша вагондар тіркелді.

Соңғы жаңалықтар