Қазақстанда циклон салдарынан жауын-шашын, жел, көктайғақ күтілуде - 23 қазанға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - Циклон және онымен байланысты атмосфералық ағымдар 23 қазан күні Қазақстанның көптеген аумағына әсерін тигізеді, онымен бірге бірқатар аймақтарда жауын-шашын, екпінді жел, көктайғақ күтілуде, деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасай отырып ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.
None
None

Республиканың оңтүстік, оңтүстік-батыс бөлігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Ақтөбе облыстарында, күндіз Оңтүстік Қазақстан облысында жылдамдығы 15-22 м/с дейін жел соғады.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кейбір жерлерде тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында көктайғақ болуы ықтимал.

Алдағы тәуліктерде республиканың таулы өзендерінде су деңгейлерінің ауытқулары күтіледі. Қазақстанның солтүстік облыстарындағы су нысандарында су бетінің одан әрі салқындауы байқалады.

Соңғы жаңалықтар