Қазақстанда циклонның ықпалымен жауын-шашын, бұрқасын, тұман, көктайғақ күтілуде - 1 ақпанға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. 31 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағының басым бөлігіне циклонның ықпал етуі күтілуде, онымен бірге 1 ақпан күні жауын-шашын өтіп, кейбір жерлерде бұрқасын, желдің күшеюі, тұман, көктайғақ болады.

Қазақстанда циклонның ықпалымен жауын-шашын, бұрқасын, тұман, көктайғақ күтілуде - 1 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасаған ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.

Атырау, Маңғыстау облыстарында, түнде Батыс Қазақстан облысында кейбір жерлерде тұман, көктайғақ болуы ықтимал.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кейбір жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің 15-20 м/с дейін күшеюі ықтимал, Жамбыл облысында жел екпіні 25 м/с дейін өседі.

Ақтөбе облысында, күндіз Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кейбір жерлерінде желдің 15-20 м/с дейін күшеюі, Қарағанды облысының кейбір жерлерінде тұман, көктайғақтың болуы күтіледі.

Қостанай облысының кейбір жерлерінде бұрқасын болады, желдің 15-20 м/с дейін күшеюі, тұман, көктайғақ күтілуде.

Солтүстік Қазақстан облысының кейбір жерлерінде тұман түседі.

Алматы облысының кейбір жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, Жалаңашкөл маңында желдің 15-20 м/с дейін, жел екпінінің 25 м/с дейін күшеюі ықтимал.

Алдағы тәулікте Оңтүстік Қазақстан облысындағы аласа таулы өзендерде жаңбырларға байланысты су деңгейінің көтерілуі мүмкін. Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облысының өзендерінде су деңгейлерінің ауытқулары байқалады. Қазақстанның қалған су нысандарында гидрологиялық режимде айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.