Қазақстанда Дағдарысқа қарсы халықаралық тауарлық-есеп айырысу орталығы ашылады

АСТАНА. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Қазақстанда Дағдарысқа қарсы халықаралық тауарлық-есеп айырысу орталығы (ДҚТЕО) ашылады. Шағын, орта және ірі бизнес құрылымдарына арналған орталықтың мәні мен маңызы туралы егжей-тегжейлі таныстыру үшін бүгін жүйені жобалаушылар «ҚазАқпарат» ҰК» АҚ-ның баспасөз орталығында журналистерге арнап баспасөз мәслихатын өткізді,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 ДҚТЕО -  тауар айырбасы арқылы тауар алмасу мүмкіндіктерінің түрлерін қарастыратын компьютерлік жүйе. Жүйе жобалаушыларының айтуынша, бұл сату-сатып алу келісімдерінің балама түрі және қазіргі дағдарыс жағдайында бірден-бір тиімді әдіс.

 ДҚТЕО-ға кіргеннен кейін жүйе қызметкерлері кәсіпкерге сату-сатып алу бойынша клиенттерді тауып беру мәселелерімен айналыса бастайды. Бұл жүйе бүгінде Ресей мен Украина елдерінде тиімді жұмыс жасауда. Көрсетілген қызмет түрінің ақысы келісім-шартқа отыру амалдары аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады.

 ДҚТЕО-ның тұсаукесерін бір айдан кейін жасау жоспарлануда. Орталық ашылғаннан кейін Қазақстанның әр аймағында оның өкілдіктері жұмыс істейтін болады.

Соңғы жаңалықтар