Қазақстанда «Дала бүркіті - 2016» бітімгершілік оқу-жаттығуы басталды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Іле» оқу-жаттығу орталығының базасында «Дала бүркіті - 2016» тактикалық-арнайы бітімгершілік оқу-жаттығуының бастапқы кезеңі басталды. Іс-шараға Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбритания Қарулы Күштерінің 60-тан аса өкілі қатысады.

Қазақстанда «Дала бүркіті - 2016» бітімгершілік оқу-жаттығуы басталды  (ФОТО)

Алғашқы кезең шеңберінде қазақстандық «Қазбат» бітімгершілік  батальонының әскери қызметшілері америкалық және британдық әріптестерімен бірлесіп батальон штабының жұмысы, ротаның жеке құрамын басқару, күшті, тактикалық байланысты қолдану ережелері, инженерлік-саперлік топтың іс-қимылдары, тактикалық медициналық көмек пен көшіруді орындау, суды тазарту бойынша сертификация алу және т.б. бойынша тәжірибе алмасады.

Айта кетерлік жәйт, оқу-жаттығу ниетіне сәйкес «Дала бүркіті - 2016» бітімгершілік оқу-жаттығуының екінші кезеңін Ұлыбритания аумағында өткізу жоспарлануда.

Ол жерге қазақстандық «Қазбат» бітімгершілік батальонының 250-ге жуық әскери қызметшісі аттанады. Жеке құрам мен қару-жарақты жөнелту үшін ҚР Қарулы Күштерінің әскери-көліктік авиациясы тартылады.  

Естеріңізге сала кетейік, алдыңғы «Дала бүркіті - 2014» бітімгершілік оқу-жаттығуы Германия Федеративтік Республикасында өткен болатын. Оған ҚР ҚК-нің 150-ден аса әскери қызметшісі тартылды.

null null