Қазақстанда «Дала қыраны» халықаралық оқу-жаттығуы аяқталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Іле» оқу-жаттығу полигонында «Дала қыраны» халықаралық бітімгерлік тактикалық-арнайы оқу-жаттығуының жабылу рәсімі өтті. Іс-шараға ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Тимур Дәндібаев қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда «Дала қыраны» халықаралық оқу-жаттығуы аяқталды

Сондай-ақ, жабылу рәсіміне Қазақстан Республикасында аккредиттелген әскери-дипломатиялық корпус өкілдері мен дипломатиялық миссия басшылары қатысты.null

Оқу-жаттығу аясында Ұлыбритания, Үндістан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан және Америка Құрама Штаттарынан келген әскери қызметшілер бітімгерлік операция элементтерін бірлесіп жасады.

Атап айтқанда, блок-бекеттерде қызметтер атқару, гуманитарлық жүктерді қарауылдап алып жүру, жергілікті тұрғындармен келіссөздер жүргізу, төңіректі патрульдеу, миналанған даланы, жолды залалсыздандыру, тазарту және сумен қамтамасыз ету, сондай-ақ алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша тапсырмалар орындалды.

Оқу-жаттығу 2003 жылдан бері әскери қызметшілердің бірлескен теориялық және практикалық тапсырмаларды орындау барысында алған бітімгерлік дағдыларын жетілдіру мақсатында өткізіледі.

null null null