Қазақстанда дәнді дақыл алқаптарының 96,1% жиналды - АШМ
АСТАНА. 18 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстанда үстіміздегі жылдың 18 қазанына ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілер 15 млн. га астам дәнді дақыл жинады, ол еліміздің жинау алқаптарының 96,1% құрайды, деп хабарлады primeminister.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
«Республиканың барлық өңірлерінде жаңа астықты жинау науқаны жүргізілуде. Ауыл шаруашылығының облыс басқармаларының мәліметтері бойынша үстіміздегі жылдың 18 қазанына ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілер 15136,2 мың га жинаған, бұл облыстардың жинау алқаптарының 96,1 % құрайды», - делінген мәлімдемеде.
Бұдан өзге, жедел ақпарат бойынша бүгінгі таңда 20 млн. астам тонна астық тартылған, сондай-ақ орташа түсімділік бір гектардан 13,2 центнерді құрады. 2012 жылы түсімділік бір гектардан 8,4 центнер құрағанын айта кеткен жөн.
Сондай-ақ, астық жинау Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында толығымен аяқталған.