Қазақстанда дәрігер тапшылығы 20,4%-ға азайды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда дәрігер тапшылығы 2023 жылмен салыстырғанда 20,4%-ға, ал ауылдық жерлерде 28,3%-ға қысқарды. 2025 жылы 1 760 медицина қызметкері әлеуметтік қолдауға ие болды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.

Қазақстанда дәрігер тапшылығы 20,4%-ға азайды: ауылдық жерлерде көрсеткіш 28,3%-ға төмендедіатыр
Фото: Kazinform/ЖИ

— Бүгінде денсаулық сақтау жүйесінде 280 мыңнан астам медицина қызметкері, оның ішінде 84 мыңға жуық дәрігер еңбек етеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша дәрігер тапшылығы 2023 жылмен салыстырғанда 20,4%-ға, ал ауылдық жерлерде 28,3%-ға азайды, — делінген хабарламада.

Әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылған дәрігерлер саны 2,2 есе өсті

2025 жылы 1 760 дәрігер әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды. Тұрғын үймен қамтамасыз етілген дәрігерлер саны 3,3 есе өсіп, 727 адамға жетті. Сондай-ақ ауылдық жерлерде тапшы мамандықтар бойынша жұмыс істейтін 529 маманға 8,5 млн теңге көлемінде біржолғы төлем берілді.

Бұған дейін кейінгі жылдары денсаулық сақтау саласында цифрландыру қарқынды дамып, медициналық қызметтердің басым бөлігі электронды форматқа көшкенін жаздық. Онлайн анықтама алу, дәрігер қабылдауына қашықтан жазылу сияқты қызметтер азаматтарға медициналық көмек алуды жеңілдетті.