Қазақстанда дәрі-дәрмектерді сатып алу ережелері өзгерді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда дәрі-дәрмектерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережелері өзгерді. Бұл туралы тиісті қаулыға ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов қол қойды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2014 жылғы 4 шілде, Астана, Үкімет Үйі, №767 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
Қаулының мәтіні ресми баспасөзде жарияланды.