Қазақстанда демалыс кезінде 25 мың бала шипажайға жіберілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылдың басынан мектептерде сауықтыру шаралары күнтізбесі жүзеге асырылды. Бұл туралы бүгін халыққа есеп беру кездесуінде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті.
None
None

«Жыл басынан мектептерде сауықтыру шаралары күнтізбесін жүзеге асыруды бастадық. Нәтижесінде, қаңтардан профилактикалық тексерумен 2,6 млн. оқушы қамтылды. Аурудың алғаш рет анықталуына байланысты диспансерлік есепке 306 мың оқушы тіркелді, оның ішінде 25 мың бала каникул кезінде шипажайларға жіберілді», - деді министр.

Т. Дүйсенованың айтуынша, 144 906 оқушы стационарлық ем қабылдауға бағытталды және 100 мыңға жуық бала амбулаториялық емделуде.

«Осы сауықтыру шараларының нәтижесі балалар жаңа оқу жылында мектепке келгенде бағаланады. Сол кезде біз балалардың денсаулық жағдайын тексеруді қайта бастаймыз», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар