Қазақстанда демалыс күндері бұрқасын болып, күшті жел тұрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК алдағы демалыс күндеріне ауа райы болжамын жариялады.

 Қазақстанда демалыс күндері бұрқасын болып, күшті жел тұрады

«Алдағы аптаның демалыс күндерінде елдің солтүстігінде қар жауып, бұрқасын болады. Жолдың көрінісі 500 метрге дейін шектеледі. Желдің күші секундына 15-20, кей жерлерде 25 метр болады және ауа температурасы көтеріледі»,-делінген хабарламада. 


Қазақстанның оңтүстігінде ылғалды қар түсіп, тұман болып, көрініс аймағы 200-500 метрге шектеледі. Жексенбі күні республиканың оңтүстігінде батыстан жылдамдығы секундына 20-25 метр жел соғады. Кей жерлерде желдің күші секундына 28 метрге дейін жетуі мүмкін. Көп аймақтарда көктайғақ болады.