Қазақстанда демалыс күндері қар жауып, боран соғады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Демалыс күндері, 5-7 желтоқсанда Каспий теңізінің оңтүстігінде қалыптасқан циклон аса жылдамдықпен Қазақстан аумағынан өтеді.

Қазақстанда демалыс күндері қар жауып, боран  соғады

«Қазгидромет» РМК ақпаратына сүйенсек, республикалық солтүстік облыстар циклонымен қалың қар жауып, бастыстан 15-20 м/с күшті жел соғады. Екпіні 25 м/с-қа жетуі мүмкін. Оңтүстік облыстарда - жауын-шашын жауып, арты қарға ұласады, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с-қа күшейеді. Екпіні 25 м/с-қа жетуі мүмкін. Температура төмендеп, алайда нормадан 2-5 градус жоғары болады деп күтілуде.