Қазақстанда демалыс күндері карантин күшейтіледі
ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетованың қаулысына сәйкес 17 тамыздан бастап елімізде карантин шаралары жеңілдетіліп, бірақатар кәсіпкерлік нысанның жұмысына қайта рұқсат берілді. Алайда, карантиндік шектеулер демалыс күндері сақталады.
Осыған орай, 22 және 23 тамыз күндері сақталатын шектеулерді еске саламыз:
- қоғамдық көліктің қозғалысына;
- 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуына;
- сауда, ойын-сауық орталықтары (ондағы азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда), сауда үйлерінің, сауда желілерінің жұмысына;
- азық-түлік емес және азық-түлік жабық базарларының жұмысына;
- сұлулық салондары, шаштараздар, СПА-орталықтары, косметологиялық қызмет көрсететін нысандардың жұмысына;
- фитнес-орталықтар мен спорттық-сауықтыру орталықтар, қоғамдық моншалар, сауналардың жұмысына;
- балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтарының, түзету кабинеттерінің жұмысына;
- ашық ауада аттракциондардың жұмысына тыйым салынады.
Сондай-ақ 17 тамыздан карантиннің жеңілдетілуіне қарамастан, бірқатар нысанның қызметіне жұмыс және демалыс күндері де рұқсат берілмеген еді.
Атап айтқанда,
- барлардың, түнгі және ойын клубтарының, караоке, фудкорттардың, кинотеатрлардың және балалар мен ересектерге арналған басқа да ойын-сауық орындарының жұмысына;
- мәдениет нысандарының, музейлердің қызметіне, конференциялар, көрмелер, форумдар өткізуге;
- ойын-сауық, спорттық, отбасылық, естелік, салтанатты және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге, сонымен қатар үйде өткізуге;
- бассейндер, қалалық және қоғамдық жағажайлар, ашық аквапарктердің жұмысына;
- діни нысандардың жұмысына;
- қала маңындағы жолаушылар пойыздарының/электричкалардың қозғалысына, жұмыс пойыздарын, қалааралық автобустарды/микроавтобустарды қоспағанда, ортақ вагондарды құруға тыйым салынады.