Қазақстанда демалыс күндері жаңбыр жауып, күн суытады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер 27-29 маусым аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда демалыс күндері жаңбыр жауып, күн суытады

Демалыс күндері Қазақстан аумағының басым бөлігі белсенді циклон аймағында болады.

Солтүстік циклондар солтүстік, солтүстік-батыс пен орталық өңірлерге мол жауын-шашын мен айтарлықтай суық әкеледі: республиканың солтүстік жартысында түнде температура +2-10 градусқа дейін, күндіз +10-18 дейін төмендейді.

Атмосфералық фронттарға байланысты жел күшейіп, дауыл соғады және бұршақ жауады.