Қазақстанда демалыс күндері жауын-шашынды және желді болады
АСТАНА. 27 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ертең Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын болады, жел күшейеді, жекелеген аудандарда найзағай жарқылдайды деп күтілуде. Тек республиканың оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК мәліметтеріне сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Алматы, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, Ақмола облысында түнде және таңертең кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа күшейеді деп күтілуде.
Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.
Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында кей жерлерде және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Гидрологиялық мәлімет бойынша жуырдағы үш тәулікте республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және шығысының таулы өзендерінде су деңгейінің тұрақсыздығы қадағаланады.