Қазақстанда демалыс және мереке күндері үшін еңбекақыны азайту ұсынылды

«Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің жобасы бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 қадамды, соның ішінде 83-қадам - еңбек қатынастарын ырықтандыруды жүзеге асыру аясында әзірленді.
«Жаңа Еңбек кодексі арқылы еңбек қатынастарына мемлекеттік араласу шегін нақты айқындап алу ұсынылады. Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу мәселелерін жұмыс берушінің және қызметкердің өзара және ұжымдық іс-әрекеттері қағидаттарында регламенттеу қарастырылған. Сонымен қатар, қазіргі кодекске сай, жұмыс сағатынан артық жұмыс істеген адамға 1,5 есе көлемінде артық ақша төленеді. Мереке және демалыс күндерінде жұмысқа шыққаны үшін екі есе артық және түнгі бір сағат жұмысына 1,5 есе көлемнен аз емес жалақы төленеді. Ал жаңа кодекс бойынша бұндай жағдайларда 1,25 еседен кем емес көлемде төлем жасау ұсынылған. Жұмыс беруші қызметкерді оның келісімін ала отырып артық жұмысқа тарта алады», - деп түсіндірді Т.Дүйсенова.