Қазақстанда демократиялық институттар үлкен құрметке ие - Джанни Букиккио
АЛМАТЫ. 18 ақпан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстан Президентінің Конституциялық кеңестің шешіміне құлақ асып референдумнан бас тартқаны үшін ризашылық білдіремін.
Бүгін Алматы облысы, Талғар ауданындағы Ақбұлақ курортында өтіп жатқан қылмыстық істер бойынша сотқа дейін іс жүргізуде азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету деп аталатын халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Еуропалық комиссиясының президенті Джанни Букиккио осылай айтты.
«Мен осы орайды пайдаланып Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мырзаға Конституцияға айырықша назар аударғаны үшін алғыс айтқым келеді. Конституцияға өзгерістер енгізуге байланысты кеңес беруге тартқаны үшін ризашылық білдіремін. Қазақстанда демократиялық институттар үлкен құрметке ие. Конституцияға және Конституциялық кеңестің шешімдерінің әділдігіне сенеді,- дейді Еуропа кеңесінің құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссиясының президенті Джанни Букиккио.
Оның айтуынша, қылмыстық істер бойынша сотқа дейін іс жүргізуде азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету барлық адамдарға тиісті құқықтар. Егер, осы құқықтарға кепілдік берілмесе, онда азаматтардың бастапқы құқықтары да зардап шегеді. Онда түрлі ауытқушылықтар болады.