Қазақстанда денсаулық сақтау саласындағы аккредитациялау жөніндегі 160 инспектор даярланады

АСТАНА. 25 наурыз. ҚазАқпарат - Астанада алдағы аптада өтетін республикалық семинарда алғаш рет елімізде денсаулық сақтау саласындағы аккредитациялау жөніндегі 160 инспектор даярланады,

Қазақстанда денсаулық сақтау саласындағы аккредитациялау жөніндегі 160 инспектор даярланады

деп хабарлайды pm.kz сайты Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығына сілтеме жасап.

«26 наурызда Астанада республикалық семинар өтеді, оның барысында денсаулық сақтау саласындағы аккредитациялау жөніндегі 160 инспектор даярланады», - делінген ведомство хабарламасында.

Оқудан өткен инспекторлар стационарлық және амбулаторлық-емханалық көмек көрсететін, оның ішінде трансфузиологиялық және емханалық қызметтер көрсететін медициналық мекемелерді аккредитациялаудың жаңартылған стандарттарын, сондай-ақ жедел медициналық жәрдем стандарттары мен халықаралық стандарттарға сәйкестікті сыртқы бағалау әдістемелерін тестілеуге қатысады.

Қазақстанда 2011 жылдан бастап денсаулық сақтау саласындағы сапа жөніндегі халықаралық қоғамның талаптары негізінде медициналық мекемелерді аккредитациялаудың ұлттық стандарттарын жаңарту үдерісі жүруде, сондай-ақ аккредитациялаудың жаңа стандарттары әзірленді.