Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесінде МЖС дамыту бойынша Жол картасы жасалды - Е.Біртанов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Таяудағы 4 жылға денсаулық сақтау жүйесінде мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті дамыту бойынша Жол картасы жасалды, деп хабарлады www.primeminister.kz ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Елжан Біртановқа сілтеме жасап.

Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесінде МЖС дамыту бойынша Жол картасы жасалды - Е.Біртанов

«Мемлекеттік-жеке меншік серіктестікке қатысты, біздің Үкіметтің стратегиялық құжаттарында денсаулық сақтау саласында, атап айтқанда 2019 жылға дейін денсаулық сақтауды дамытуға толық бір бөлім бөлінген, ол - инфрақұрылым мен МЖС дамыту. Жалпы, ҚР Үкіметі мен Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жеке сектордың денсаулық сақтауға қатысуын кеңейтуді жалпы жоғары орынға қояды», - деді ол «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасында денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту жөніндегі отырыс барысында.

Ол үшін, вице-министрдің айтуынша, бірнеше тетіктер әзірленген.

«Ең алдымен бұл жеке сектор денсаулық сақтау саласына белсенді енуі үшін барлық әкімшілік кедергілерді алып тастау және өзге де тетіктер. Біз осы бағытта жұмыс жасап, салалық ведомство қойған талаптар бойынша сөйлесуді жалғастыруға дайынбыз. Екінші бағыт - ол медициналық қызметтер көрсетудегі қазіргі жеке секторға қолдау көрсету, олар бүгінде кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі пакетіне енеді», - деді Е.Біртанов.