Қазақстанда Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесін енгізу жұмысы аяқталуға жақын - С.Қайырбекова

АСТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңда елімізде Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесін енгізу жұмысы аяқталып келеді.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада өткен жиында ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мәлім етті.

«Өздеріңіз жақсы білесіздер, оған сәйкес (автор - Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесі), ел азаматтары денсаулық сақтау мекемесін өз еркімен таңдай алады. Бүгінде ондай мүмкіндікті науқастардың 30 пайызы пайдаланып отыр», - деп атап өтті С.Қайырбекова жиынға қатысушыларға қаратып айтқан сөзінде. Министр атап көрсеткендей, 2015 жылға қарай республика бойынша тағы 350 амбулатория, фельдшерлік-акушерлік бекеттер мен емханалар салынады.

Соңғы жаңалықтар