Қазақстанда дін мәселесі бойынша 170-тен астам ақпараттық-насихаттау тобы бар

АСТАНА. 15 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгінде Қазақстандағы халық арасында дін мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жүрген 170-тен астам ақпараттық-насихаттау тобы бар.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада өткен дөңгелек үстелде ҚР Дін істері агенттігі төрағасының орынбасары Ғалым Шойкин мәлім етті.

Оның сөзінше, аталған топтар 2012 жылы 200 мыңнан астам адамды қамти отырып, 3,5 мыңға жуық іс-шараны өткізді.

Сонымен қатар, төраға орынбасары елімізде қабылданған дін туралы заңнама мен құрылған Дін істері агенттігі Қазақстандағы дін саласы мәселесіне оңтайлы әсер еткенін сөз етті.

«Елдегі діни қатынастарды реттейтін жаңа құқықтық база қысқа мерзімде қалыптасты. Осы базаның аясында, қауіпсіздік мүддесіне сәйкес діни қызметтің және діни бірлестіктердің жұмыс істеуінің құқықтық аспектілері нақтыланды. Миссионерлік қызметтің мәселесі реттелді», - деді ол. Осы орайда Ғ. Шойкин саладағы басқа да өзекті мәселелер заңнама аясында тиісті түрде тәртіпке келтірілгенін қадап айтты.

Соңғы жаңалықтар