Қазақстанда діни бірлестіктер саны артып келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда діни бірлестіктер саны артып келеді, деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.

Қазақстанда діни бірлестіктер саны артып келеді

Ведомство ақпаратына қарағанда, еліміздегі діни бірлестіктердің саны 1991 жылы 671 болса, 2014 жылдың маусымындағы деректерге сәйкес 3481-ге жеткен. Жалпы, республикада 18 түрлі конфессияның өкілдері өз жұмыстарын бейбіт жолмен жүргізу үстінде.

«Елде 15 діни оқу орны бар. Оның 2-еуі христиан, 13-і ислам діні бағытында. Бастапқы курстар мен діни мектептер саны - 400», - делінген хабарламада.