Қазақстанда Дiни ұйымдар өкiлдерiнiң клубы құрылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда Дiни ұйымдар өкiлдерiнiң клубы құрылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметiнiң баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов мәлiм еттi.
"Мәдени толеранттылықты және дiни сұхбатты одан әрi дамыту мақсатында Қазақстанның дiнтанушылары конгресiнде Дiни ұйымдар өкiлдерiнiң клубы құрылды. 29 қаңтар күнi Бейбiтшiлiк және келiсiм сарайында аталмыш клубтың алғашқы жұмыс отырысы өтедi", - дедi Ә.Мұқажанов.
Еске сала кетейiк, биыл Астанада Әлемдiк және дәстүрлi дiндер басшыларының V съезi өтедi.