Қазақстанда дизель отыны жеткілікті өндіріледі – Дәурен Қарабаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда дизель отыны жеткілікті өндіріледі. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК! АҚ басқармасы төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Дәурен Қарабаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Самұрық-Қазына» қорының Telegram каналында өткен брифинг барысында Дәурен Қарабаев «ҚазМұнайГаздың» барлық мұнай өңдеу зауыттары штаттық режимде жұмыс істейтіндігін және мұнай өңдеу өнімдерін, соның ішінде дизель отынын жеткілікті өндіретіндігін баса айтты. Сонымен қатар ол «ҚазМұнайГаз» Қазақстан ішінде және шет елдерде мұнай өнімдеріне сұраныстың ауытқуына әсер ете алмайтынын атап өтті.

Сейсенбі күні Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов елімізде дизель отыны бойынша отын сатуда шектеулер, яғни, талондар мен карталар бойынша отын жіберуге көшу, лимиттер белгілеу байқалатындығын айтқан еді.

Естеріңізге сала кетсек, 22 тамызда Энергетика министрінің «Мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды белгілеу туралы» бұйрығы күшіне енді. Бұйрыққа сәйкес бағалар сараланады. Жүргізуші куәлігі болған жағдайда лимит тәулігіне қолданыстағы бағасы 230-260 теңге болатын 100 литр дизель отынын құрайды. Жүргізуші куәлігі мен тех паспорт болған кезде жүк көлігі үшін лимит тәулігіне 300 литр болады. Қалған адамдар тобына, сондай-ақ көрсетілген көлемдерден жоғары дизель отыны 450 теңгеден беріледі.


Соңғы жаңалықтар