Қазақстанда докторантураға түсуге өтініш қабылдау басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Testcenter.kz сайтында бүгіннен бастап 3 тамызға дейін докторантураға түсу емтиханына өтініш қабылданады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда докторантураға түсуге өтініш қабылдау басталды

Өтініш беру кезінде тек тестілеу орнын (қаласын) таңдай аласыздар.

Ал тест тапсыру күні, уақыты, мекенжайы туралы ақпарат 9 тамызда жеке кабинетіңіздің «Менің іс-әрекетім» бөлімінде ұсынылады.

Айта кетейік, өтініш қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін, яғни 3 тамызға дейін білім бағдарламаларының тобына, тест тапсыру тілі мен орнына (қаласына) өзгеріс енгізуге мүмкіндік беріледі.

Тестілеуге қатысу құны - 21 072 теңге.

- TOEFL ITP сертификаты бар тұлғалар ДТЕ басталғанға дейін ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеу (қосымша тестілеу) тапсырады. Қосымша тестілеу өткізу орны мен уақыты туралы ақпарат 4 тамызда талапкердің жеке кабинетінде қолжетімді болады. Қосымша тестілеуге қатысу құны - 14 162 теңге.

- Былтырдан бастап түсушілер міндетті түрде ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгергенін растайтын сертификат ұсынуы керек.

- Докторантураға «магистр» дәрежесі және кемінде 9 (тоғыз) ай еңбек өтілі бар немесе медицина мамандықтары бойынша резидентурада оқу бітірген адамдар қабылданады.

- Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде докторантураға түсу үшін шекті балл - 75.