Доллар бағамы 468 теңгеге дейін түсті
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары нарығындағы 8 шілдедегі күндізгі сауда-саттық қорытындыланды.
Сауда нәтижесі бойынша АҚШ долларының орташа бағамы 467,98 теңге болып, алдыңғы күнмен салыстырғанда 2,76 теңге төмендеді. Ал Қазақстан Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам 8 шілдеге 472,03 теңге болды.
Астанадағы айырбастау орындарында доллар 466,00 теңгеден сатып алынып, 473,00 теңгеден сатылып жатыр. Еуро бағамы 533,00-543,00 теңге, ал рубль 5,65-5,95 теңге аралығында.
Алматыда долларды орта есеппен 468,45 теңгеден сатып алып, 470,60 теңгеден сатып жатыр. Еуро 529,76-535,32 теңге, ал рубль 5,79-5,94 теңге аралығында айырбастауға болады.
Шымкентте доллардың сатып алу бағамы — орта есеппен 468,96 теңге, сату бағамы — 471,11 теңге. Еуро 533,96-540,71 теңге, ал рубль 5,80-5,88 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Еске салайық, 7 шілдедегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 471,04 теңге болып, бір күнде 1,13 теңге арзандаған еді.