Қазақстанда донорлықты ұйымдастыруда соңғы буынды технологиялар пайдаланылып жатыр - Е. Жибурт
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда донорлықты ұйымдастыру кезінде соңғы буынды технологиялар пайдаланылып жатыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Шығыс Еуропа және ТМД бойынша Халықаралық трансфузиологтар қоғамының жетекшісі, профессор Евгений Жибурт мәлім етті.
«Қан қабылдау қызметі - ол ұжымдық мамандандырылған жұмыс. Осы орайда клиникаға келіп түсетін контейнердің айналасында ондаған және жүздеген адамның еңбегі бар. Бұл - күрделі өндірістік үдеріс. Атап айтқанда, бұл бағытта Қазақстанда ең алдыңғы қатарлы технологиялар падаланылуда және бұл тұрғыда кемшіліктер жоқ. Осындай тиімді жұмыстары үшін басшылыққа алғыс айтуға болады», - деді Е. Жибурт.
Оның сөзіне қарағанда, донорларды тартуда бұқаралық ақпарат құралдырының рөлі маңызды. «Қазақстанда бұл бағытта донорларды ақпараттандыру жүйесі айтарлықтай табысты қалыптасқан. Осы орайда халықаралық ұйымдардың тәжірибесі жақсы жүзеге асырылуда. БАҚ арқылы денсаулығы жақсы адамдар донорлыққа тарту бұдан ары қарай белсенді түрде іске асырылады деп ойлаймын», - деп түйді Е. Жибурт.