Қазақстанда Достық үйлерінің құрылысы аяқталды

«Биылғы жылы Қазақстан бойынша Достық үйлерінің құрылысы аяқталды. Біз Қызылорда облысында болдық, онда жаңа Достық үйін көрдік, таяуда Маңғыстау облысында Достық үйі ашылды, Таразда Достық үйі бар. Батыс Қазақстан облысында Достық үйінің құрылысы аяқталды. Бүкіл Қазақстан бойынша биылғы жылы нысандардың құрылысы бойынша барлық жұмыстар аяқталды», - деген мәліметтерді келтірді ҚХА төрағасының орынбасары.
Ол Достық үйінің қызмет етуі аймақтардың мәдени-бос уақытты өткізу қызметінің деңгейін арттырып, әсерлі шараларды өткізу үшін қажетті жағдайлар жасайтынын, тұрғындардың көпшілік шаралар мен концерттерге қатысу мүмкіндігін арттыратынын атап өтті.
Тәрбиеленушілерге хореография, музыка, актерлік шеберлік, ана тілі және этномәдениет бойынша кәсіби түрде үйретілетін оқыту курстарын өткізу жоспарланып отыр.
«Бұл аймақтарда ұлттық саясатты Достық үйлері арқылы іске асыруға бағытталған арнайы мекемелер. Жобалардың аясында қайырымдылық акциялар өткізіліп, сондай-ақ медиация орталықтары құрылады. Біз Қазақстанда қоғамдық келісім мәселелерімен айналысатын медиация орталықтарын құрып үлгердік», - деп түйіндеді Е.Тоғжанов.