Қазақстанда дүние есігін ашқан сәбилер саны артуда

АСТАНА. 13 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстанда дүние есігін ашқан сәбилер саны 401 пайызға артты. Бұл туралы бүгін брифинг барысында ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.

Қазақстанда дүние есігін ашқан сәбилер саны артуда

«Ағымдағы жылғы қаңтар-мамырда АХАТ органдарында 158,9 мың дүниеге келген сәби тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,1 пайызға артық. 1000 адамға шаққандағы туудың жалпы коэффициенті 22,8 туғанды құрайды», - деді ол.

Оның атап өтуінше, ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында өмірден озғандар саны 61,8 мың адамды құраған. Бұл 2011 жылдың қаңтар-мамырына қарағанда 2,7 пайызға кем. 1000 адамға шаққандағы өлімнің жалпы коэффициенті 8,9 дүниеден өткенге тең.

Сонымен қатар осы жылдың қаңтар-мамырда елімізде 1 жасқа дейінгі 2323 нәресте шетінеген. Дегенмен өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шетінеген нәресте саны 3,2 пайызға азайған. Сәби өлімінің негізгі себептері перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлармен байланысты.