Қазақстанда Е.Кончаловскийдің интернационалист-жауынгерлер туралы фильмінің екінші кезеңі түсіріледі
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сценарий бойынша, фильмнің жұмыс атауы «Нағыз полковник - Қара майор» деп аталады, ал прокатқа ол «Ауғандық» атымен шығады деп болжануда. «Қазақфильм» киностудиясымен бірлескен фильмнің алғашқы кезеңі Алматы облысының Шарын шатқалында түсіріліп қойған. Ал алдағы күндері Қапшағай маңындағы тауларда басталатын оның екінші кезеңінде, әскери қимылдардың көріністері түсірілетін болады.
Б.Керімбаевтың атап өткеніндей, картинаның негізгі идеясы - ауған соғысына қазақстандықтардың қатысуын көрсету.
«Кез-келген кинодағыдай онда махаббат, соғыс, жақсы мен жаман бар. Фильмде қатыгез «қара майор» көрсетіледі. Шынында мен қатыгез болдым, онсыз ол соғыстан аз шығындармен шығу мүмкін болмайтын еді. Мен Ауғанстанға құрамында өңкей барлаушы-баскесерлері бар арнайы жасақтың командирі ретінде кірдім. Бірақ мен ол соғыстан аз шығынмен шыға алдым. Сол үшін де екі орден алдым - деп атап өтті ол.