Қазақстанда егін орағы аяқталды

АСТАНА. 13 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстанда егін орағы аяқталды. Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүслім Өмірияевтің хабарлағанындай, облыс әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы басқармалары берген ақпараттарда 10 қараша күнгі жағдай бойынша дәнді дақылдар 15,1 млн. гектар алқаптан жиналып біткен. Орташа есеппен гектарына 9,8 центнер егін шығымымен жиналған қамбадағы астықтың бастапқы көлемі 14,8 млн. тонна болып отыр.    

Қазақстанда егін орағы аяқталды

«Облыс әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы басқармалары таратқан жедел мәліметтер бойынша, тазартылғаннан кейінгі астықтың жалпы көлемі 12,3 млн. тонна шамасында болмақ. Бұл астық былтырғы 9,8 млн. тонна қалдықпен қоса есептегенде ішкі қажеттіліктерді жабуға және сыртқа 8 млн. тонна бидайды экспорттауға мүмкіндік береді», - делінген ҚР АШМ баспасөз қызметінің хабарламасында.  

Биылғы қуаңшылықтың кесірінен астықтың жалпы көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 14,7 млн. тоннаға (2,2 есе), дәнді дақылдардың өнімділігі гектарына 8,7 центнерге (2,1 есе) аз болды.  

Иранда доллар бағамы тарихи максимумға жетті
Ұқсас жаңалықтар

Иранда доллар бағамы тарихи максимумға жетті