Қазақстанда егіс науқаны басталды

Оның сөзіне қарағанда, 2015 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 21,5 млн. гектар алқапқа салынбақ. Көктемгі егіс алқабы 18,5 млн. гектарды құрайды. Атап айтқанда, дәнді дақылдар 15,2 млн. гектарға, оның ішінде бидай 12,2 млн. гектарға салынады.
Өсімдік шаруашылығын әртатаптандыру бойынша жұмысты күшейту мақсатында министрлік бірқатар шаралар қабылданғанына тоқталған С. Омаров, бидай өндірісін субсидиялау нормалары қысқартылды, осы, сондай-ақ қосымша бөлінген қаражат есебінен өзге басым дақылдарға көтеріңкі субсидия нормативтері белгіленгенін атап өтті. Биыл бидай алқаптары 235 мың гектарға (2%), күріш - 8,5 мың гектарға (9%) қысқарады. Соның есебінен дәнді-жем, бұршақты және жарма дақылдарының алқабы 104 мың гектарға (4%) ұлғаятын болады. Майлы дақылдарды 2,2 млн. гектарға, жем-шөп дақылдарын өткен жылғы деңгейден 349 мың гектарға ұлғайта отырып, 3,7 млн. гектарға жуық алқапта орналастыру көзделген.
Министрлік мәліметіне қарағанда, ағымдағы жылы көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге шаруаларды одан әрі несиелендіруге 60 млрд. теңге көлемінде бюджеттік несие бөлінді. Бұл былтырғы жылғы деңгейден 20 млрд. теңгеге артық. Бұл қаражат қарыз түрінде екінші деңгейлі банктер мен Азық-түлік келісім-шарт және Аграрлық несие корпорацияларына бағытталды.