Қазақстанда егістік алқабының 40 пайызы жиналып, 7 млн. тонна астық бастырылды
АСТАНА. 13 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазіргі уақытта Қазақстанда астық алқаптарының 40 пайызы жиналған,
деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты Ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүслім Өміряевқа сілтеме жасап.
«Жалпы республика бойынша алқаптардың 40%-ын жинадық және 7 млн тоннасын бастырдық», - деді М.Өміряев.
Оған қоса, вице-министрдің айтуынша, бидай дақылдарының орташа өнімділігі гектарына 11,8 центнерді құрады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің болжамынша, астық жинау науқанының соңына дейін 16,3 млн тонна астық жиналады.